Date of publication: 05.02.2018 15:45
Date of changing: 05.02.2018 15:46

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт;

2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі
4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік
бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді
өндіруге  арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша өндіруге                          және (немесе)  барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы заңды
тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына қолдануға
құқылы.

Аталған құқық өндіруге арналған келісімшарт жасалған немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде қолданылады және өзгертуге жатпайды.

Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны өндіруге арналған келісімшарт жасалған немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына жібереді.

Мұндай хабарлама болмаған жағдайда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және үстеме пайда салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау осы Кодекстің
84, 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтар жөніндегі салықтық міндеттемені орындауының баламалы тәртібін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуының қалған барлық кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы  салықты есептеу тәртібі

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызметтің салықтық кезеңі үшін айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың салық салу объектісі жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен осы Кодекстің 287-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін шегерімдер арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсатында жылдық жиынтық кіріске қосуға жатпайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуін қоспағанда, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес және осы Кодекстің 241-бабында көзделген жылдық жиынтық кірісті түзету есепке алынбай айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдер корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін мыналар:

сыйақылар, оның ішінде осы Кодекстің 246-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын немесе күрделі шығындар ретінде есепке алынуға жататын сыйақылар шегерімге жатпайтыны;

теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі шегерімге жатпайтыны;

есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығының сомасы шегерімге жатпайтыны ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес айқындалады.

Егер нақ сол шығыстар (шығындар) осы баптың 4-тармағында белгіленген шығыстардың (шығындардың) бірнеше түрінде көзделген жағдайда, онда жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу кезінде аталған шығыстар (шығындар) тек бір рет шегеріледі.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға осындай салықтың салық салу объектісі мен осы Кодекстің
768-бабында белгіленген мөлшерлеменің көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің
741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

 

Р/с

Әлемдік баға

Мөлшерлеме %-бен

1

2

3

1.

Бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

0

2.

Бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

6

3.

Бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

12

4.

Бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

18

5.

Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

24

6

Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларынан жоғары

30

 

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт
күнтізбелік жыл ішінде жасалған болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына
дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.

Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленуге жатады.

Салық төлеуші жер қойнауын пайдалануға баламалы салық бойынша декларацияны тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті