Date of publication: 11.01.2018 16:00
Date of changing: 11.01.2018 16:01

Қазақстан Республикасының2015 жылғы 27 қазандағы № 364-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің(Салық кодексі) «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»67-1-бабы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Салық кодексінің 67-1 бабына сәйкес, жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.

Салық есептілігі нысандары (871.00 нысан) және оларды жасау қағидалары Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 432 бұйрығымен бекітілген.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті