Date of publication: 06.12.2017 18:10
Date of changing: 06.12.2017 18:11

2017 жылдың 11-ші қаңтарында ҚР Қаржы министрінің № 12 "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы күшіне енген болатын. Бұл бұйрық Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.

«Әуежай-Ақтөбе» кедендік бекеті 2017 жылдың 16 қыркүйегінен бастап «СКАТ» АҚ авиакомпаниясы Египед мемлекетіне тұрақты түрде рейстер ұсынып келеді.Осы қысқа ғана уақытта 3000 астам жерлесіміз аталған мемлекетте турист ретінде демалып келіп отыр. 

2017 жылдың қараша айында «Әуежай-Ақтөбе» кедендік бекетінде «Шарм-Эль-Шейх (Египет) - Актобе» әуе қатынасы рейсі кезекті ұшып келуі кезінде, кезекші ауысымның жолаушылардың жүктерін кедендік бақылаудан өткізу барысында Қазақстан азаматының салмағы 28 келіні құрайтын 94 дана галантереялық қол сөмкелері декларацияланбағаны анықталды.

ҚР Кеден ісі туралы кодексінің 277, 278 баптарына сәйкес кедендік одақ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның жеке басына пайдалануға арналмаған айналымдағы тауары міндетті кедендік декларациялауға жатады.

Осыған орай аталған тұлға ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық әрекетіне жол берді.

Әкімшілік құқық бұзған тұлғаға 113 450 тенге көлемінде айыппұл салынып, қазіргі таңда салынған айыппұл толық көлемде өндіріліп, онымен қатар тауарды кедендік рәсімдеу арқылы өткізіп нәтижесінде қазынаға кедендік төлем және салық ретінде жалпы соммасы 81 794 тенге құйылды.

         «Ақтөбе халықаралық әуежайының» жолаушылары назарына әуекөліктермен кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымы кезінде заңбұзушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін ескеру керектігін мәлімдейді. Ол үшін  Ақтөбе халықаралық әуежайының халықаралық рейспен ұшып келу және ұшып кету залдарында жолаушыларға арналған ақпараттық үлгідегі  кедендік декларациялау және жолаушыға ескертпе тақтайшалары орнатылған.

Кедендік одақ заңнамалары туралы толық ақпаратты kgd.gov.kz ҚМ МКК сайытынан немесе Еуразиялық экономикалық комиисия www.eurasiancommission.org сайттарынан алуға болады.

«Ақтөбе Халықаралық әуежайының» «Әуежай-Ақтөбе» кедендік бақылау бекетінде тәулік бойы кеден заңнамасы туралы және сұрақтарға анықтамалық-түсіндірмелі кеңес беретін орталық жұмыс істейтінін хабарлаймыз байланыс телефондары 8 (7132) 229561.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

«Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінің жетекші маманы А.Байтасова