Date of publication: 11.10.2017 16:37
Date of changing: 11.10.2017 16:37

Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (әрі қарай – Салық Кодексі) белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге салық төлеушінің өтініші негізінде ауыстыру  салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгертілуі деп танылады.

Салық төлеушінің салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішінде салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылуға тиіс.

Салық Кодексінің 47-1 бабы 3 тармағына сәйкес салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту үшін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етуі қажет. Өтінішке кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.

Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту кезінде салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.

Мүліктік кепіл шарты салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.

Кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:

  • тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
  • электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
  • тыйым салынған мүлік;
  • мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
  • үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
  • тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
  • мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;

 

Салық Кодексінің 47 бабына сәйкес салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақытылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.

Берешектермен жұмыс басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД