Date of publication: 03.10.2017 16:14
Date of changing: 05.10.2017 14:06

2017 жылғы  2 қазанында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде "Қарттар Күні" мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді, іс шараға мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері қатысты.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Паяев Айбек Минаимбекович жиналған қауымды қарттар Күнімен құттықтап,   әрбір ардагерге алғыс ретінде сыйлық сертификаттарын табыс етіп салтанатты іс-шараны ашты, содан кейін, жиналған қауымды департамент қызметкерлері дайындаған дастарханға шақырып, бір сөзбен айтқанда, іс-шараға мерекелік атмосфера орнатты.

Ардагерлер атына көптеген құттықтаулар айтылды, өйткені әр ардагер   махаббат, көп көңілге, сыйластыққа лайықты. Өздерінің жасына қарамастан аса қомақты еңбек етіп, олардың көпшілігі әлі күнге дейін белсенді қоғамдық қызмет етуде. Халықаралық «Қарттар Күніне» аргалған салтанатты іс-шара мақтанышқа толы  абсолюттік сезіммен  аяқталды.